YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратБундеслигаЖаңалықтарФутбол

Мануэль Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзарту туралы шешімнің қашан қабылданатынын айтты

Мануэль Нойер

Мюнхендік «Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер клубпен келісімшартын ұзарту мүмкіндігі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

«Көңіл-күйім жақсы, бәріне оң қараймын. Бірақ алдағы бірнеше айдың қалай өтетінін күтіп көргім келеді. Өз ойынымды жоғары деңгейде көрсетуге тырысамын. Ал наурыздың соңы немесе сәуір айында нақты шешім қабылданады. Сол уақытқа дейін қанша матч өткізгенімді және өзімді қалай сезінетінімді анық білетін боламын. Жуырда 40 жасқа толамын, сондықтан мансабымды толық сеніммен жалғастыра аламын ба — соны түсіну маңызды. Клубпен қарым-қатынасымыз өте жақсы, әрі қарай қалай боларын көре жатармыз», — деді Нойер Sky Sport Germany-ге берген сұхбатында.

Еске салайық, Мануэль Нойер «Баварияға» 2011 жылы «Шалькеден» 30 миллион еуроға ауысқан. Осы уақыт ішінде ол мюнхендік клуб сапында 581 матч өткізіп, 480 гол жіберген және 271 ойында қақпасын «құрғақ» сақтаған. Қақпашының қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды, алайда оны ұзарту жөніндегі келіссөздер әзірге тоқтатылған.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport

«ПСЖ» «Реалдың» қорғаушысы Рюдигерге қызығушылық танытты

Черчесов Сергей Малыйдың негізгі құрамға лайық екенін айтты

Redaktor Yersport