«Барселона» қорғаушысы Пау Кубарси Испания Суперкубогындағы жеңістен кейін «Реал» жанкүйерлерін әдепсіз қимылмен арандатты, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
Кеше Сауд Арабиясында өткен финалда «Барселона» «Реалды» 3:2 есебімен жеңіп, трофейді иеленді.
Финалдық ысқырықтан кейін 18 жастағы Кубарси алаңның жиегіне барып, трибуналарға бірнеше рет «шынтақ қимылы» деп аталатын ишараны көрсетті. Бұл қимыл «жарты қол» немесе «қолдың ар-намысы» деген атаулармен де белгілі: оң қолды шынтақтан бүгіп, сол қолдың алақанын оң қолдың шынтақ тұсына қою арқылы жасалады.
Көптеген елдерде мұндай қимыл дөрекі бас тарту мен тікелей қорлаудың белгісі ретінде қабылданады және мағынасы жағынан ортаңғы саусақты көрсетуге тең әдепсіз ишара саналады.

