YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«ПСЖ» мен Франция арасындағы дау: париждіктер енді ұлттық құрамаға ойыншысын жібермеуі мүмкін

Украинаға қарсы (2:0) өткен 2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчы париждік клуб үшін үлкен соққыға айналды. Ойынға екінші таймда қосылған Усман Дембеле 81-минутта жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Алдын ала мәлімет бойынша, футболшының оң жақ жамбасының артқы бұлшық еті зақымданған.

Матч алдында-ақ ойыншының жарақат алу қаупі жоғары болған. Бұл ақпаратты «ПСЖ» басшылығы ұлттық құрамамен бөлісіп, ескертіп қойған. Дегенмен, құрама дәрігерлері тәуекелге барып, Усманды алаңға шығарды. Нәтижесінде вингердің жағдайы қайта ушықты.

Алдағы күндері Дембеле толық медициналық тексеруден өтіп, МРТ нәтижелері жарақаттың нақты деңгейін анықтайды.

Дембеле командалық әріптесі Дуэ балтыр бұлшық етінде ауырсыну сезгендіктен оның орнына алаңға шыққан болатын. Қазір құрама мен клуб арасындағы жағдай шиеленісіп кетті, тіпті ПСЖ Францияға ойыншыларын жібермеуі мүмкін деген сыбыстар тарады.

Ұқсас мақалалар

2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіспен бастады.

Redaktor Yersport

Мартинелли Брэдлиден кешірім сұрады

«Вест Хэм» қысқы трансфер терезесінде ең көп қаржы жұмсаған клуб атанды