YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Манчестер Юнайтед» Рубен Аморимнің қызметтен кеткенін жариялады

Рубен Аморим

«Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкер Рубен Амориммен қош айтысқанын ресми түрде хабарлады. Команданың уақытша бас бапкері болып бұған дейін 18 жасқа дейінгі ұжыммен жұмыс істеген Даррен Флетчер тағайындалды.

Португалдық маман «Манчестер Юнайтедті» 2024 жылдың қарашасынан бастап басқарды. 40 жастағы Аморимнің жетекшілігімен манкуниандықтар 2024/25 маусымындағы Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, шешуші ойында «Тоттенхэмге» 0:1 есебімен жол берді.

Аморим «Юнайтедтің» тізгінінде 63 матч өткізіп, оның 25-інде жеңіске жетті, 15 ойында тең түсті және 23 рет жеңіліс тапты.

2025/26 маусымында «Манчестер Юнайтед» АПЛ-дің 20 турында 31 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.

Ұқсас мақалалар

Дэнни Мерфи: Сульшердің «МЮ»-ға қайта оралуы — ақылға сыймайды

Ислам Чесноковтың Шотландияға аттанатын уақыты белгілі болды

МЮ жеңісті барбекюмен атап өтпек: үнем мен өзгерістер дәуірі