YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Манчестер Юнайтед» Рубен Аморимнің қызметтен кеткенін жариялады

Рубен Аморим

«Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкер Рубен Амориммен қош айтысқанын ресми түрде хабарлады. Команданың уақытша бас бапкері болып бұған дейін 18 жасқа дейінгі ұжыммен жұмыс істеген Даррен Флетчер тағайындалды.

Португалдық маман «Манчестер Юнайтедті» 2024 жылдың қарашасынан бастап басқарды. 40 жастағы Аморимнің жетекшілігімен манкуниандықтар 2024/25 маусымындағы Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, шешуші ойында «Тоттенхэмге» 0:1 есебімен жол берді.

Аморим «Юнайтедтің» тізгінінде 63 матч өткізіп, оның 25-інде жеңіске жетті, 15 ойында тең түсті және 23 рет жеңіліс тапты.

2025/26 маусымында «Манчестер Юнайтед» АПЛ-дің 20 турында 31 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.

Ұқсас мақалалар

Кейннің 46-голы: маусымдағы феноменал көрсеткіш

Валерий Газзаев: «Дюков УЕФА және ФИФА-мен үнемі байланыста. Оның сөздерінің негізі бар, біздің футболдың әлемдік аренаға қайта шығуын күтуге болады»

Үміт сыйлаған бір гол