YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

«Қайсар» екінші оқу-жаттығу жиынына үш ойыншыны шақырды

"Қайсар" ФК

Қызылордалық «Қайсар» клубы команданың екінші оқу-жаттығу жиынына жастар құрамасынан үш футболшыны шақырды, деп хабарлайды Yersport.kz «қасқырлар» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші ОЖЖ барысында негізгі құрам ойыншыларына өткен маусымда «Қайсар U-21» сапында өнер көрсеткен Айқын Әжіхан, Ринат Акберген және Батырбек Шатан қосылады.

Айта кетейік, клубтың бас бапкері Андрей Ферапонтов алдағы маусымда жас футболшылардың әлеуетін ашуға ерекше назар аударуды көздеп отыр. Жаттықтырушылар штабы жастар құрамасының тәрбиеленушілерінің ойын тәжірибесі мен жаттығу үдерісін тұрақты түрде бақылауда ұстайтын болады.

Ұқсас мақалалар

Александр Бублик Римдегі ATP 1000 турнирін жеңіспен бастады

«Арсенал» – «Астон Вилла» матчында төрешілік дауы

Ресми: Александр Заруцкий — «Ақтөбе» ойыншысы