YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

ҚПЛ клубы орталық қорғаушыға қатысты ресми шешімін жариялады

Максим Чалкин

Жезқазғандық «Ұлытау» клубы орталық қорғаушы Максим Чалкинмен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 29 жастағы футболшымен келісім тағы бір маусымға есептелген.

Клубтың ресми мәлімдемесінде:

«Максим алаңдағы тәжірибесімен, тұрақты ойынымен және жоғары жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ол қорғаныстың және командалық тәртіптің маңызды бөлігі саналады. Жаңа маусымда Максим „Ұлытаудың“ мақсаттарына жету үшін бар күшін салады деп сенеміз», — делінген.

Өткен маусымдағы Қазақстан Премьер-Лигасында Чалкин жезқазғандық команда сапында 13 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

ҚПЛ-2025 маусымының қорытындысы бойынша «Ұлытау» 10-орынға тұрақтап, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Ұқсас мақалалар

«Қайратты» үлкен сынақ күтін тұр

Redaktor Yersport

ҚПЛ клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарының уақытын жариялады

Кварацхелия 2025 жылы Чемпиондар лигасын ұтса да, Грузияның үздік спортшысы атанған жоқ