YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Бублик азаматтықты ауыстыратын ойыншылар туралы: «Басқа не үшін ауыстыруға болады? Тек ақша үшін»

Александр Бублик

Әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик теннистегі спорттық азаматтықты ауыстыру мәселесіне және өзінің Қазақстанға өту шарттарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты Sports.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

— Желтоқсанда бірнеше ресейлік теннисші қыз спорттық азаматтығын ауыстырды. Бұған көзқарасың қандай?
— Бұл — олардың таңдауы. Егер өздеріне ыңғайлы болса, ауыстыра берсін. Неге ауыстырғанын нақты білмеймін. Ақша үшін… Басқа не үшін ауыстыруға болады? Тек ақша үшін. Неге болмасын?

— Тарпищев кейбір елдер азаматтықты ауыстырғаны үшін 500 мың доллар төлейді деді. Қазақстанға өткенде сенде қандай шарттар болды?
— Мен Қазақстан атынан 2016 жылдан бастап ойнаймын. Қазақстанға өткенде ешкім тікелей ақша төлемейді. Маған жағдай жасалды.

Қазақстан барлық процесті қамтамасыз етеді. Елдің түкпір-түкпірінде базалар бар. Қалаған уақытыңда келіп, жаттығуға, дәрігерлер мен қалпына келу орталықтарының қызметін пайдалануға болады. Жаттықтырушымен және фитнес-жаттықтырушымен бірге сапарлар да төленеді.

Бірақ «мен өттім де, маған бір миллион доллар аударды» деген жағдай болған жоқ, — деді Бублик Sports.ru-ға берген сұхбатында.

Ұқсас мақалалар

Жоан Лапорта: Мен Путин емеспін

Ламин Ямаль туралы кітаптың авторы: «Ол өз-өзіне мотивация беруі керек»

«Семей» маңызды ойын алдында кадрлық қиындықтарға тап болды