YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
БоксЖаңалықтар

Дмитрий Бивол бұрынғы әйелін жала жабу ісі бойынша сотта жеңді

Дмитрий Бивол

Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайы Екатеринаға қарсы жала жабу бойынша сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
Санкт-Петербургтің Смольнин аудандық соты Екатерина Биволдың экс-күйеуі Дмитрий Бивол туралы жария түрде айтқан мәлімдемелері мен пікірлерін жалған әрі оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деп таныды.

Сот шешіміне сәйкес, Екатерина өзіне тиесілі әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде теріске шығару (опровержение) жариялауға міндеттелді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында Екатерина Дмитриймен 15 жыл бірге өмір сүргеннен кейін ажырасқанын мәлімдеген еді. Ал 2024 жылдың тамызында ол әлеуметтік желілерде Биволдың Артур Бетербиевке қарсы жекпе-жегін өткізуді тоқтатуға шақырып, кейін Бетербиевтің төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткеніне қуанышын білдірген. Ал биылғы жылдың ақпан айында өткен реваншта Дмитрий Бивол жеңіске жетті.

Ұқсас мақалалар

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

admin_yersport

«ПСЖ» мен Франция арасындағы дау: париждіктер енді ұлттық құрамаға ойыншысын жібермеуі мүмкін

Redaktor Yersport

Роналдуды «Әл-Иттихадқа» қарсы ойынға көндіре алмады. «Әл-Наср» бапкері Жезуш шабуылшының наразылығын қолдап, баспасөз мәслихаттарына қатыспай жүр (Arriyadiyah)