YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

БЕЙБАРЫС ҚАБЛАН – U21 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 87 келіден жоғары салмақта алтын медальға қол жеткізді.

Финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы жарыста алғашқы медалін жеңіп алды.

21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы таеквондо әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Дүбірлі додаға 75 елден шамамен 500 спортшы қатысуда.

Ұқсас мақалалар

«Алматы» шабуылшысын қайтарып алды

admin_yersport

Эдарлин Рейес Уренья: «Астана» мен «Қайрат» – ең мықты қарсыластарым болды»

Эндрик «Нантқа» қарсы ойында алаңнан қуылды – «Лион» шабуылшысының екінші сары қағазы ВАР-дан кейін қызылға ауыстырылды