YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ДАҢҚ ЗАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ДАҢҚ ЗАЛЫНДА

Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына енгізілді. Осылайша ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық боксшы атанды. Салтанатты рәсім 2026 жылдың 11–14 маусымында АҚШ-тың Канастота қаласында өтеді.

2025 жылғы дауыс беруде Головкинмен бірге Вернон Форрест пен Стив Коллинс те үміткер болды. Дауыс беруге АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Аустралия, Нидерланды, Германия және Мексикадан келген журналистер мен бокс тарихшылары қатысты.

IBHOF 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Даңқ залының алғашқы мүшесі — Мұхаммед Әли. Кейін бұл тізім Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды жұлдыздармен толыққан.

Головкин әуесқой рингте 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіп, ұлттық құраманың басты көшбасшысы болды. Кәсіпқой рингте 45 кездесудің 37-сін нокаутпен аяқтап, WBA, WBC, IBF, IBO белбеулерін және The Ring титулын иеленді. Орта салмақтағы ең беделді чемпиондардың бірі ретінде танылды.

Қазір Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing федерациясын басқарады. Оның Даңқ залына енуі — қазақ боксы үшін тарихи оқиға.

Ұқсас мақалалар

Камавинга «Севильямен» матчта Винисиусты сынға алды деген ақпаратты жоққа шығарды: «Мен ол туралы айтқан жоқпын»

Боранбаев: Конференция лигасына шығу жетістік емес.

Redaktor Yersport

«Ауыл баласы – алаңда!» Алматыда алғаш рет HALYK OPEN футбол турнирі өтті