YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутзалЧемпиондар Лигасы

«Семей» маңызды ойын алдында кадрлық қиындықтарға тап болды

Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалы алдындағы жауапты кездесуге санаулы күндер қалғанда «Семей» бірден екі негізгі шабуылшысынан айырылды.

Шыңғыс Есенаманов пен Габриэль Кандидо Польшадағы Польшадағы матчқа қатыса алмайды. Қазақстандық ойыншы медициналық тексеріс барысында жарақат анықталып, оған шұғыл ота жасалды. Ота сәтті өткенімен, футболшыға алдағы айларда ұзақ оңалтудан өтеді.

Сонымен қатар, Габриэль Кандидо Польшадағы матчқа қатыса алмайды. Бразилиялық легионердің артқы бұлшық еті зақымдалып, уақытша қатардан шеттетілді.

Бұл жағдай «Семей» үшін айтарлықтай соққы болып отыр. Екі ойыншы да алғашқы кездесуде «Пястқа» қарсы өткен тартысты матчта (3:3) командаға шешуші үлес қосты.

Жауапты ойын 5 желтоқсан күні, Астана уақытымен 23:00-де Польшада өтеді. Бұл кездесуде команданың тактикасы мен резерв ойыншылардың дайындығы шешуші мәнге ие болады.

Ұқсас мақалалар

Андрей Демченко «Жеңістен» кетті: команда бапкерсіз қалды

Ким Мин Джэнің соққан голы «Баварияға» үш ұпай сыйлады

Redaktor Yersport

«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті