YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Хоккей

Александр Овечкин Ұлттық Хоккей Лигасындағы «мәңгілік» нәтижені жаңартуға жақын қалды

«Вашингтон Кэпиталс» шабуылшысы Александр Овечкин Ұлттық Хоккей Лигасының тұрақты маусымында алғаш рет хет-трик авторы атанды

«Вегас Голден Найтс» командасымен өткен ойын 5:2 есебімен «астаналықтардың» пайдасына аяқталып, қонақ команда шабуылшысы Александр (Ови) Овечкин ҰХЛ тарихындағы 864, 865 және 866-шы шайбасын соқты. Александрға атақты Уэйн Гретцкийдің (894) нәтижесін жаңарту үшін 28 шайба соғу керек.
Дәл қазір Вашингтон турнир кестесінде 25 ұпаймен Шығыс Конферециясында үшінші орында келеді.Осы маусымда Овечкин өзі қатысқан 17 ойында 13 шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ұлттық Хоккей Лигасында 2005 жылдан бері өнер көрсететін ресейлік шабуылшы 1443 ойынға қатысып, 866 шайбаның авторы атанды.

Ұқсас мақалалар

«Барыс» Президент Кубогына қатысатын құрамды жариялады

admin_yersport

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-При турнирінің финалына қатысады

Redaktor Yersport

Азия Чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы