YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Ат спортыБасты ақпаратГимнастикаЖаңалықтарҚысқы спортМәнерлеп сырғанауСараптамаФутзалХоккейЧемпиондар Лигасы

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар Лигасында қарсыласына есе жіберді

Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Семей» испаниялық «Пальма» командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді.

Ойын барысында қазақстандық команда сапында қақпашы Игита бірінші болып есеп ашқанымен, қарсылас команда қатарында Фабиньо хет-трик авторы атанды. Тағы бір гол Лукас Мачадоның еншісінде. D тобындағы екінші ойында «Бельско-Бяля» және «Лученец» кездесіп, польшалықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, элиталық кезең Пальма қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық команда келесі ойынды польшалық «Бельско-Бяляға» қарсы өткізеді. УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына топтың жеңімпазы жолдама алады.

Ұқсас мақалалар

«Семей» маңызды ойын алдында кадрлық қиындықтарға тап болды

Экитике үшін 2026 жыл аяқталды

Какау Қазақстан құрамасындағы жаңа бразилиялық туралы пікір білдірді