YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Жаңа футбол маусымы қай қалада басталатындығы белгілі болды

"Қайрат" ФК

Қазақстанда 2026 жылдың жаңа футбол маусымы 28 ақпанда Астана қаласында басталатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты AmanVibe.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөздің мәліметінше, дәл осы күні Астанада ел Суперкубогы үшін матч өтеді. Бұл кездесуде Қазақстан чемпионы — алматылық «Қайрат» пен ел Кубогының иегері — қостанайлық «Тобол» өзара күш сынасады.

Суперкубок ойыны дәстүрлі түрде ресми маусымның ашылуы болып саналады және жылдың алғашқы трофейі таласқа түседі. Матч «Астана Аренада» өтеді деп күтілуде.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымы 6–8 наурыз аралығында басталуы жоспарланған. ҚПЛ матчтарының нақты күнтізбесі кейінірек жарияланады.

Ұқсас мақалалар

Бокстан Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалға шықты

Redaktor Yersport

Махачев Маддаленамен болған жекпе-жек туралы: «Іштей: “Осы ғана ма? Бұдан артық ештеңе үйренбедің бе?” деп ойладым»

Танымал қазақстандық шабуылшы жаңа клубта ресми түрде таныстырылды