Футбол әлемі Юрген Клопптың келесі қадамын тағатсыздана күтуде. «Ливерпульмен» қош айтысқан неміс маманының болашағы түрлі болжамдарға толы. Соңғы уақытта оның есімі «Реал Мадридпен» жиі атала бастаған. Алайда Клопптың агенті бұл қауесеттерге нүкте қойғандай.
«Red Bull жобасына көңілі толады»
Юрген Клопптың агенті Марк Кошицкенің айтуынша, бапкер қазіргі уақытта Red Bull-дың жаһандық футбол құрылымындағы жаңа қызметіне көңілі толып отыр. Ол бұл рөлде стратегиялық даму, клубтар арасындағы координация және жаңа таланттарды дамыту сияқты маңызды бағыттарды қадағалайды.
«Реал Мадрид»? Юрген қазіргі қызметіне өте риза. Ол Red Bull-дың футбол жүйесіндегі жаңашыл әрі кең ауқымды жобаларға басшылық етуді қызықты әрі маңызды деп санайды», — деді Кошицке.
Ұсыныстар бар, бірақ…
Агенттің мәлімдеуінше, Клоппқа бірнеше алпауыт еуропалық клубтар мен ұлттық құрамалар қызығушылық білдірген. Олардың арасында «Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасы да болуы мүмкін. Бірақ бұл ұсыныстар әзірге нәтиже бермейді.
«Юрген келесі маусымда бас бапкер ретінде жұмыс істеуді жоспарламайды. Бұл шешім кез келген клубқа қатысты – тіпті «Реал Мадрид» немесе Бразилия құрамасы болса да», — дейді агент.