YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

Ван Дейктің «Ситиге» қарсы ойындағы голын қателікпен есептемеген Кавана УЕФА-ның элиталық төрешілер тобына енді. Англия 8 жылдан кейін алғаш рет элитада үш арбитрге ие болды

Крис Кавана Майкл Оливер мен Энтони Тэйлормен бірге УЕФА-ның элиталық төрешілер тобына қосылды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Өткен жылдың қараша айында АПЛ аясында өткен «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» арасындағы матчта (0:3) Кавана мерсисайдтықтардың қорғаушысы Вирджил ван Дейктің соққан голын есептемей тастаған болатын. Кейін АПЛ комиссиясы төрешінің бұл шешімін қате деп таныды.

Осылайша, сегіз жылдан кейін алғаш рет Англия Еуропаның ең жоғары санатындағы төрешілер арасында үш өкілмен ұсынылып отыр. Элиталық топтағы төрешілер Чемпиондар лигасының матчтарын жүргізеді.

Элиталық санаттағы төрешілер саны бойынша көшбасшы ел — Германия, оның төрт өкілі бар. Кавананың жоғарылауынан кейін Англия Франция, Италия және Испаниямен теңесті — бұл елдердің әрқайсысында элитада үш төрешіден бар.

Ұқсас мақалалар

Махачев Маддаленамен болған жекпе-жек туралы: «Іштей: “Осы ғана ма? Бұдан артық ештеңе үйренбедің бе?” деп ойладым»

Рикардо Камара Собрал (Какау): Қазақстан құрамасынан ұсыныс болды, Астанада келіссөздер жүрді

Ғалымжан Кенжебек ойнаған «Ахмат» аутсайдермен матчта ойсырай жеңілді