YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутболЧемпиондар Лигасы

Уразбахтин: «Қайрат» қақпашыларының жағдайы жақсы

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасында «Пафоспен» өтетін матч алдында қақпашылардың жағдайына тоқталды.

Қақпашыларға келер болсақ — бәрі аман-есен, денсаулықтары жақсы. Александр Заруцкий алаңға қайта шығып, жеке жаттығуларын бастады. Әзірге ол жалпы топқа қосылған жоқ, бірақ қалпына келу қарқыны жақсы. Дегенмен, жақын уақытта оның қызметіне сенім арта алмаймыз. — деді Уразбахтин.

Бапкердің айтуынша, құрамда Темірлан, Анарбеков және Қалмырза бар, ал негізгі қақпашыны арнайы бапкер анықтайды.

Темірланның оралғанына қуаныштымын — енді құрамда Анарбеков пен Қалмырза да бар. Ал негізгі құрамда кім алаңға шығатынын қақпашылар бапкері шешеді, біз оған толық сенеміз.

«Қайрат» — «Пафос» матчы 21 қазан күні Алматыда, 21:45-те басталады.

Ұқсас мақалалар

Мбаппе «Реал» ойыншыларының Испания Суперкубогындағы жеңісі үшін «Барсаға» құрмет дәлізін ұйымдастыруға кедергі келтірді (Esport3)

«Арсенал» көшбасшысы «Қайратқа» қарсы матч алдында қатаң жазаға ұшырады

ҚПЛ клубы Серікжан Мұжықовқа қатысты шешімін жариялады