YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Бублик мансабындағы 9-шы титулын жеңіп алып, алғаш рет топ-10 қатарына енді

Александр Бублик

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Финалда ол әлемнің жетінші ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттиді 7:6 (2), 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Музетти финалдардағы қатарынан жетінші рет жеңіліс тапты.

Бублик топ-10 құрамындағы қарсыластарын 16-рет жеңіп, мансабындағы тоғызыншы титулын олжалады. Бұл — өткен жылдың маусым айынан бергі бесінші трофейі.

Жаңартылған рейтингте 28 жастағы қазақстандық теннисші алғаш рет әлемнің үздік ондығына кіреді. Ол бір саты жоғарылап, әлемнің оныншы ракеткасы атанады.

Ұқсас мақалалар

Чемпиондар лигасының финалындағы төреші — «Интер» үшін жақсы белгі

Қазақстан футболының ардагері Марат Есмуратов дүниеден өтті

ЛЕБРОН ДЖЕЙМС: ЕҢ ҰЗАҚ СЕРИЯ СОҢЫНА ЖЕТТІ