YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтарММА

UFC Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновты допингке тексерді

Шавкат Рахмонов және Асу Алмабаев

Қазақстандық UFC файтерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев осы аптада кезекті допингтік тексеруден өтті, деп хабарлайды Yersport.kz.

Бұл туралы UFC спортшыларының допинг сынамаларын бақылап отыратын UFC Drug Testing Watch аккаунты Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов үшін бұл 2025 жылғы төртінші тексеру болды. Ал аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын Асу Алмабаев биыл алтыншы рет допинг сынағынан өткен.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Ал, Асу Алмабаев октагонға жуырда ғана шықты — 22 қарашада ол америкалық Алекс Пересті тұншықтыру әдісімен жеңді.

Ұқсас мақалалар

Мадридтік «Реалға» жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді

Redaktor Yersport

«Ливерпуль» Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына жолдама алды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Чемпионатында төрт алтын жүлде алды