YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

«МЮ» капитаны Бруну Фернандеш кемінде бір айға қатардан шықты

Бруну Фернандеш

«Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Бруну Фернандеш жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

31 жастағы португалиялық футболшы АПЛ-дың 17-туры аясында «Астон Виллаға» қарсы өткен матчтың (1:2) бірінші таймының соңында жарақат алып, үзілістен кейін ойынға қатыспады.

The Telegraph басылымының мәліметінше, Фернандештің жұмсақ тіндері зақымданып, ол кем дегенде бір айға қатардан шығады.

Айта кетейік, Бруну «Манчестер Юнайтед» сапында денсаулығына байланысты өте сирек матч өткізіп алған. Ол 2021/22 маусымында бір ойынды сырқаттың салдарынан, ал 2023/24 маусымында тізе жарақатына байланысты екі кездесуді ғана жіберген.

Ағымдағы маусымда Фернандеш АПЛ-де 17 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Ұқсас мақалалар

Forbes тізіміндегі олигарх ҚПЛ-дегі екінші топ-клубтан бас тартты

Морган Роналдудың бойкоты туралы: «Криштиану Сауд Арабиясы футболында төңкеріс жасады. Ол тек бәріне бірдей жағдай болғанын қалайды»

«Каталондық дерби» даулы ұрандарға толы болды