YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Рыбакина Цинциннатиде тағы да жарқырады

Қазақстан теннисінің мақтанышы, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде кезекті табысын жазды. Ширек финал жолдамасы үшін өткен ойында ол өзіне лайық қарсыласпен — әлемнің 6-ракеткасы Мэдисон Кизбен нағыз шайқас өткізді.

Алғашқы сет тай-брейкте (6:7, 3:7) америкалыққа берілгенімен, Рыбакина екінші партияда қарқынын үдетіп, 6:4 есебімен басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық теннисші алаң иесінің қарсылығын толықтай сындырып, 6:2 нәтижесімен жеңісті қоржынына салды.

Екі сағат 25 минутқа созылған кездесуде Елена 6 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.

Енді Рыбакинаны жартылай финал жолында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко күтіп тұр.

Ұқсас мақалалар

Клуб басшысы ҚПЛ тарихындағы ерекше трансфердің мән-жайын ашты

Роберт Левандовски маңызды матчтарды өткізіп алуы мүмкін – жарақаты күткеннен де ауыр болып шықты

«Женис» экс-бапкеріне ҚПЛ-дан кеткеннен кейін еурокубокқа шығу міндеті қойылды

Redaktor Yersport