YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Ресми: Александр Заруцкий — «Ақтөбе» ойыншысы

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Заруцкиймен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Александр қазақстандық жанкүйерлерге сенімді ойыны мен жарқын шеберлігі арқылы жақсы таныс.
Өткен маусымда ол „Қайрат“ сапында өнер көрсетіп, команданың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына елеулі үлес қосты. Енді ол „Қобыланды батыр“ стадионында қызыл-ақ түстерді адал қорғайтын болады.
Заруцкийге „Ақтөбе“ командасымен бірге жаңа биіктерді бағындыруды және өз қақпасына доп жібермеуді тілейміз», — делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Ұқсас мақалалар

Рахим Стерлинг «Фейеноордқа» ауысты

ФИФА мен Netflix ӘЧ-2026 турниріне орай жаңа футбол симуляторын ойластыруда

«Астанадан» кеткен бапкер Премьер-лига клубдарының қызығушылығы туралы айтты