YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
БоксЖаңалықтар

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Коротков турнирінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Ресейдің Хабаровск қаласында өткен халықаралық Коротков турнирінде үздік үштікке енді.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен боксшымыз жартылай финалға дейін жетіп, нәтижесінде қола медальмен шектелді. Жартылай финалдық кездесуде Мұхаммедсабыр ресейлік Игорь Козерезовпен қолғап түйістірді. Алайда бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан қарсыласты жеңімпаз деп таныды – есеп 5:0. Осылайша, Базарбайұлы Коротков турнирінің жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Бұл – жас спортшы үшін тәжірибе жинап, алдағы додаларға сенімді қадам басуға жақсы мүмкіндік. Айта кетейік, Коротков турнирі – халықаралық дәрежедегі беделді жарыстардың бірі. Мұнда әр жыл сайын әлемнің үздік боксшылары бақ сынайды.

Ұқсас мақалалар

UFC тағы бір қазақстандық спортшымен толықты

Милад Карими — Дохадағы қос алтынның иегері

Перес Педриден екінші Фигу жасай ала ма?