YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

Камавинга «Севильямен» матчта Винисиусты сынға алды деген ақпаратты жоққа шығарды: «Мен ол туралы айтқан жоқпын»

Эдуардо Камавинга

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга 17-турда «Севильяға» қарсы өткен матчта (2:0) командасының вингері Винисиус Жуниорды алаңда сынға алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Әлеуметтік желіде матчтың үзілісі кезінде «Реал» ойыншыларының өзара сөйлесіп тұрған сәті түсірілген видео тарады. Онда Камавинга әріптестерінің біріне:

«Егер қозғалмасаң, доптан айырылып қаласың» — дейді. Кейін камера Винисиусқа ауысқандықтан, бұл сөздер дәл соған арналды деген болжамдар пайда болды.

Алайда осы видеоға арналған кезекті жазбаға Камавинга өзі жауап берді:

«Оны жайына қалдырыңыздар, мен ол туралы айтқан жоқпын», — деп жазды француз футболшысы.

Айта кетейік, биылғы маусымда Винисиус Жуниор «Реал» сапында 24 матчта 5 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Ұқсас мақалалар

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Дастан Сәтпаевқа қатысты шешімін жариялады

Чемпиондар лигасының финалындағы төреші — «Интер» үшін жақсы белгі

Ұлттық құрама жеңілді: Словенияға қарсы сырт алаңдағы сәтсіздік

Redaktor Yersport