UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия тұрмыстық зорлық-зомбылық ісі бойынша сот алдында жауап береді. Бұл туралы El Mundo басылымы хабарлады.
Топурияның жұбайы Джорджина Баделл оны «тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық жасады», сондай-ақ «дене жарақатын келтірді» деп айыптаған. Алғашқы сот отырысы 7 қаңтарға белгіленген. Негізгі мәселе — олардың қыздарына қатысты қамқорлық құқығы болады. Баделл соттан баласымен бірге Испаниядан кетуге рұқсат беруді сұрап отыр.
Бұған дейін Илия Топурия отбасылық жағдайларға байланысты UFC-дегі өнерін уақытша тоқтатқан болатын. Оның соңғы жекпе-жегі маусым айында өтті — сол кездесуде ол Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.
