YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Бублик азаматтықты ауыстыратын ойыншылар туралы: «Басқа не үшін ауыстыруға болады? Тек ақша үшін»

Александр Бублик

Әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик теннистегі спорттық азаматтықты ауыстыру мәселесіне және өзінің Қазақстанға өту шарттарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты Sports.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

— Желтоқсанда бірнеше ресейлік теннисші қыз спорттық азаматтығын ауыстырды. Бұған көзқарасың қандай?
— Бұл — олардың таңдауы. Егер өздеріне ыңғайлы болса, ауыстыра берсін. Неге ауыстырғанын нақты білмеймін. Ақша үшін… Басқа не үшін ауыстыруға болады? Тек ақша үшін. Неге болмасын?

— Тарпищев кейбір елдер азаматтықты ауыстырғаны үшін 500 мың доллар төлейді деді. Қазақстанға өткенде сенде қандай шарттар болды?
— Мен Қазақстан атынан 2016 жылдан бастап ойнаймын. Қазақстанға өткенде ешкім тікелей ақша төлемейді. Маған жағдай жасалды.

Қазақстан барлық процесті қамтамасыз етеді. Елдің түкпір-түкпірінде базалар бар. Қалаған уақытыңда келіп, жаттығуға, дәрігерлер мен қалпына келу орталықтарының қызметін пайдалануға болады. Жаттықтырушымен және фитнес-жаттықтырушымен бірге сапарлар да төленеді.

Бірақ «мен өттім де, маған бір миллион доллар аударды» деген жағдай болған жоқ, — деді Бублик Sports.ru-ға берген сұхбатында.

Ұқсас мақалалар

Самородов пен Черчесов қайта қауышты

Redaktor Yersport

Қола жүлдеге батыстың қос ұжымы таласты. Бірақ, жеңімпаз біреу

«Арсенал» ауттан доп лақтыру бойынша «Ливерпульде» Клопптың тұсында жұмыс істеген маманды шақырды. Гроннемарк лондондықтарға кеңес береді