YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚысқы олимпиада ойындарыҚысқы спорт

«Бір жарыс — бір тарих: Ербол Хамитовтың жеңісі»

Ербол Хамитов

Ербол Хамитов Милан–Кортинадағы қысқы Паралимпиада ойындарында тарихи жетістікке қол жеткізді.

Ербол Хамитов — пара биатлон және пара шаңғы жарысы бойынша ел намысын қорғап жүрген тәжірибелі спортшы. 2026 жылы Италияда өткен ойындарда ол жоғары деңгейде өнер көрсетті.

10 наурызда отырып жарысатын спортшылар арасындағы пара шаңғы жарысының спринт бәсекесінде қола медаль жеңіп алды. Іріктеу кезеңінде алтыншы нәтиже көрсеткен ол жартылай финалда мәреге бірінші болып жетті. Ал финалда Қытай мен Бразилия спортшыларынан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Алайда басты жетістік 13 наурыз күні тіркелді. Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу жарысында 9 минут 39 секунд нәтижемен топ жарып, алтын медаль иеленді.

Бұл жеңіс — Қазақстан құрамасы үшін маңызды табыс қана емес, ел спорты тарихындағы жарқын белестердің бірі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бегимбаева Жамиля

Ұқсас мақалалар

Ресейдегі заң Нұралы Әліптің мәртебесін күшейтті

«ПСЖ» «Реалдың» қорғаушысы Рюдигерге қызығушылық танытты

«Ман Сити» 7 ойын қатарынан жеңіп келе жатыр. Соңғы ойындардағы көрсеткіштері 21:7