YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Ресейдегі заң Нұралы Әліптің мәртебесін күшейтті

Нұралы Әліп

Ресейде легионерлерге қатысты енгізілген лимит Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің «Зенит» клубындағы маңызын арттырды. Бұл туралы Yersport.kz инсайдер Иван Карповқа сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің мәліметінше, «Зенит» Мәскеудің ЦСКА клубымен Ресей құрамасының қорғаушысы Игорь Дивеевтің трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Петерборлық клуб 26 жастағы орталық қорғаушыны қатарға қосуды көздейді. Айта кетейік, бұл — «Зениттің» Дивеевке соңғы жарты жылдағы екінші талпынысы. Өткен жазда «СБГ» футболшы үшін 9+3 миллион еуро ұсынған болатын.

— Қыста «Зениттің» қорғаныс шебіне қатысты қиын шешімдер қабылдауына тура келуі мүмкін. Қазір командада ресейлік төлқұжаты бар бірде-бір орталық қорғаушы жоқ. Ал легионер болып саналмайтын жалғыз ойыншы — қазақстандық Нұралы Әліп. Оның кез келген жарақаты немесе дисквалификациясы Сергей Семакты лимитке сай болу үшін шабуыл шебіндегі ойыншылардың бірінен бас тартуға мәжбүр етуі мүмкін, — деп жазады Иван Карпов.

Айта кетейік, биыл Ресейдің Спорт министрлігі легионерлерге арналған жаңа лимит бекітті. Бұл шектеу кезең-кезеңімен қатаңдай түседі. Қазіргі таңда ереже бойынша клубтар өтінімде 13 шетелдік футболшыны тіркей алады, ал алаңда бір мезетте 8 легионерге дейін ойнауына рұқсат етілген.

Ұқсас мақалалар

Милад Карими — Дохадағы қос алтынның иегері

«Барселона» Чемпиондар лигасындағы матчта Левандовскидің автоголымен қиындыққа тап болды

Мадридтік «Реалға» жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді

Redaktor Yersport