Құрлықтық Хоккей Лигасының тұрақты маусымы аясында Магнитогорск қаласының «Металлург» командасымен кездескен елордалық «Барыс» өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойындағы есепті қазақстандық команда алғашқы минутта ашты. Алаң иелері қатарынан Максим Мұхаметов көзге түсті. Үш минут өткеннен кейін қонақтар Дмитрий Силантьевтің көмегімен есепті теңестіргенімен ойынның екінші кезеңінде Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соғып, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері қатарынан екінші ойында жеңіске жетті.
Дәл қазір «Барыс» турнир кестесінде 28 ойыннан кейін 20 ұпай жинап, Шығыс Конферециясында он бірінші сатыда келеді. Команданы плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін сегізінші орыннан төрт ұпай бөліп тұр.
Астаналық команда ҚХЛ-дағы келесі ойынын 21 қарашада, яғни бүгін «Амур» (Хабаровск) хоккей клубына қарсы өткізеді.