YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

«Атлетико» Ла Лигада үш ойын қатарынан жеңіске жете алмауда

Атлетико Мадрид

Диего Симеоне жаттықтыратын команда Испания чемпионатындағы соңғы үш ойында бірде-бір гол соқпай, жалпы есепте 0:4 нәтижесін тіркеді. Бүгін 24-тур аясында мадридтіктер сырт алаңда Райо Вальекано клубынан 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Бұған дейін Левантемен 0:0 есебімен тең түсіп, Бетистен 0:1 есебімен ұтылған еді.

Айта кетейік, бұған дейінгі бейсенбі күні «матрасниктер» Испания Кубогының жартылай финалындағы алғашқы ойында Барселонаны 4:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.

Қазіргі таңда Ла Лига турнирлік кестесінде «Атлетико» 45 ұпаймен төртінші орында тұр.

Ұқсас мақалалар

Тен Хаг кезінде «МЮ» жеңіске жетіп, Англия Кубогының финалына шықты және Лига кубогын ұтты. Эрик кеткен соң команда 1/4 финалдан әрі аса алмады әрі 7 матчтың 4-еуінде жеңілді

Милад Карими — Дохадағы қос алтынның иегері

Роберт Левандовски маңызды матчтарды өткізіп алуы мүмкін – жарақаты күткеннен де ауыр болып шықты