Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңартылған ойын формаларын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Жаңа жиынтық UEFA-ның Kit Assistance Scheme бағдарламасы шеңберінде Adidas компаниясымен дайындалған.
Экипировка екі түрлі нұсқадан тұрады: өз алаңындағы ойындарға арналған сары түсті және сырт алаңдағы кездесулерге арналған көк түсті форма. Осы бағдарлама арқылы Қазақстан құрамасы Adidas қолдауына ие болған Еуропадағы он ұлттық команданың қатарына қосылды. Жаңа форма алдағы екі маусым бойы қолданыста болады.
UEFA Kit Assistance Scheme — ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған жоба. Бағдарлама аясында командалар заманауи спорттық киіммен қамтамасыз етіліп қана қоймай, Adidas Locker Room платформасына да қол жеткізеді. Бұл сервис арқылы жеке дизайндағы формаларды әзірлеуге мүмкіндік бар.
Қазақстан құрамасы жаңа формадағы алғашқы ойынын маусым айында өткізеді. Команда жолдастық кездесулерде Армения мен Венгрия құрамаларына қарсы ойнайды. Одан кейін, күзде Ұлттар лигасының жаңа маусымында ойнайтын болады.
Осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы 2023-2026 жылдары танымал италиялық «Errea» спорт брендімен киінген еді. «Errea» брендімен осы жылдың наурыз айында FIFA Series турнирін жеңіп алған еді.






