YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Қазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

ҚПЛ-дің екі дүркін чемпионы футболшыларымен ресми түрде қоштасты

"Шахтер" ФК

«Шахтёр» клубы қорғаушылар Богдан Савкив пен Уалихан Мұхамеджановтың командадан кеткенін ресми түрде хабарлады, деп жазады Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараптардың өзара келісімі бойынша Богдан Савкив пен Уалихан Мұхамеджанов футболдағы мансаптарын басқа клубтарда жалғастырады.
Командаға қосқан үлестері үшін екі ойыншыға да алғыс айтамыз»
, — делінген клубтың Instagram парақшасында.

24 жастағы Савкив — қарағандылық команданың түлегі. Ол «Шахтёр» сапында 69 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Мұхамеджанов та «Шахтёр» жүйесінен шыққан ойыншы. Ол жастар құрамасындағы «Ұлытау» мен «Арыс» командаларында өнер көрсеткен. 19 қаңтарда қорғаушы қарағандылық клубпен келісімшартын ұзартқан болатын. Өткен маусымда ол КПЛ-дің екі дүркін чемпионы сапында 15 матчқа қатысты.

Ұқсас мақалалар

Тони Кроос әлем чемпионатына 48 құраманың қатысуына қарсы екенін мәлімдеді

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды

Максим Самородов қатарынан үш ойында гол соқты