YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБоксЖаңалықтар

Гүлайым Рахмонова неке келісімшарты туралы алғаш рет ашық айтты

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отбасылық өмір мен қаржылық келісімдерге қатысты маңызды жайттарды алғаш рет көпшілікке жария етті. Ол бұл жөнінде Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген сұхбатында кеңінен әңгімеледі.

Сұхбат барысында Гүлайым неке келісімшартының жасалуына қатысты жағдайдың 2025 жылдың көктемінде, Дубай қаласына жасалған отбасылық демалыстан кейін басталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, бастапқыда бұл ұсынысты тосын әрі жеңіл қабылданғанымен, уақыт өте келе ерлі-зайыптылар арасында өзара түсіністік қалыптасып, ортақ шешімге келінген.

Келісімшарт шарттарына сәйкес, некенің бұзылуы жағдайында әр тарап тек өз атына рәсімделген мүлікке ғана иелік етеді.

Сөз соңында Гүлайым өз атында айтарлықтай мүлік жоқ екенін, тек жол-көлік оқиғасынан зақымданған бір автокөлік тіркелгенін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

«Мықтылар турнирі»: Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

«Реал» Родридің келісімшарт жағдайын бақылап отыр және оны өз қатарына қосуды ойластыруы мүмкін

«Барселона» төрт матч қатарынан қақпасын құрғақ ұстады