YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Волейбол\Жаңалықтар

“VB Team Academy: Қазақстан волейболындағы жаңа деңгей”

VB_Academy

Қазақстанның спорт әлемінде небәрі бір жылға жетпейтін уақыт ішінде нағыз сенсация жасаған жоба пайда болды. 2025 жылдың мамыр айында іргетасы қаланған VB Team Academy бүгінде жасөспірім қыздар арасындағы ең сұранысқа ие, заманауи әрі кәсіби волейбол клубына айналды.

Биік белестер мен Орта Азиядағы жеңіс

Академия ашылғаннан кейін екі ай өткенде-ақ өз деңгейін дәлелдеді:

Орта Азия аренасы: 2025 жылдың шілдесінде Қырғызстанда 2008-2009 жылғы қыздар арасында өткен халықаралық жарыста Қазақстан намысын қорғап, 1-орынды иеленді.

Тұрақты жетістік: Клуб ойыншылары Алматы қаласының чемпионатында және түрлі турнирлерде үнемі жүлделі орындардан көрініп, өздерінің мықты дайындығын көрсетіп келеді.

Негізін қалаушылар және кәсіби бапкерлер

Бұл жетістіктердің артында волейболды жан-тәнімен сүйетін кәсіби мамандар — Ұлықбек Мади мен Мұқаш Нұрсұлтан тұр. Олардың басты мақсаты — жасөспірім қыздар үшін барлық жағдайды жасап, волейболды тек ойын емес, үлкен мәдениет ретінде қалыптастыру.

Спонсорлық қолдау

Академияның бастау бұлағы — волейбол тауарларына арналған танымал Vb_duken дүкенінен басталған. Бүгінде бұл дүкен академияның басты демеушісі болып табылады. Сонымен қатар, жобаның сапалы дамуына келесі серіктестер зор қолдау көрсетуде:

Talim жекеменшік мектебі;

Irinka газдалған сусындар компаниясы.

Жұлдызды амбассадорлар және Әлеуметтік ықпал

Клубтың және Vb_duken дүкенінің басты амбассадорлары әрі үздік ойыншыларының бірі — Сатынбекова Береке мен Утарбаева Мадина. Олардың әлеуметтік желілердегі танымалдылығы мен волейболға деген адалдығы мыңдаған жасты спортқа баурап, волейболды нағыз трендке айналдырды.

VB Team — бұл тек спорттық мектеп емес, бұл қажырлы еңбек пен сапалы менеджменттің жемісі. Қазіргі таңда тек Алматы қаласы бойынша ғана емес, және де Өскемен, Тұздыбастау деген сияқты қалаларда ашылып қызу дамуда жүріп жатыр. Академия мен оның серіктестері бүгінгі жастардың бойында спортқа деген махаббатты оятып, қазақ волейболының болашақ жұлдыздарын тәрбиелеп жатыр.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы:

Абдиади Адия Мирдосқызы

Ұқсас мақалалар

Морган Роналдудың бойкоты туралы: «Криштиану Сауд Арабиясы футболында төңкеріс жасады. Ол тек бәріне бірдей жағдай болғанын қалайды»

2026 жылғы Әлем чемпионаты: жеребе тарту рәсімі «Qazaqstan» телеарнасында

«Хан-Тәңірі» Премьер-лигаға шыға ала ма?

admin_yersport