YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚысқы олимпиада ойындарыҚысқы спорт

ПАРАЛИМПИАДАДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕҢІС: ЕРБОЛ ХАМИТОВ ПАРАЛИМПИАДАНЫ ҚАЛАЙ БАҒЫНДЫРДЫ?

ЦСП ПАРАСПОРТ

Италия төрінде Қазақстанның әнұраны қайта шырқалды. 2026 жылғы Паралимпиада отандық параспортшылар үшін шын мәнінде “алтын” сапарға айналды.

Бұл жарыстың басты қаһарманы — Ербол Хамитов. Ол 13 наурызда пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында ел қоржынына тарихи алтын медаль сыйлады. Оның нәтижесі — 9 минут 39 секунд.

Ербол бұл Паралимпиадада тек алтынмен шектелген жоқ. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысының спринт (1500 м) бәсекесінде қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткішін жақсартуға үлкен үлес қосты.

Сондай-ақ қазақстандық пара шаңғышылар — Ербол ХамитовВладислав Кобаль және Александр Герлиц — 4×2,5 шақырымдық ашық эстафетада 5-орынға ие болды.

Құрамадағы ең жас спортшы — 17 жастағы Владислав Кобаль болса, ең тәжірибелі спортшы — 51 жастағы Сергей Усольцев.

Қазақстандық параспортшылардың бұл нәтижесі — жүйелі дайындық пен табанды еңбектің айқын көрінісі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы:
Тажигалиева Аяулым

Ұқсас мақалалар

Венесуэлалық журналист: «АҚШ-ты әлемдік спорттан ешкім ысырып шығара алмайды және олардың елінде өтетін әлем чемпионатын да тоқтатпайды»

Никола Йокич НБА тарихында үш матч сериясында 110+ ұпай, 40+ рет доп қағып алу және 40+ нәтижелі пас жасаған алғашқы ойыншы атанды

«Челси» чемпиондық сыйақысын Диогу Жотаның отбасына аударды

Redaktor Yersport