YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚысқы олимпиада ойындарыҚысқы спорт

Олимпиада фаворитінің қарғысы тағы қайталанды ма?

Илья Малинин

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары (Милан–Кортина) 6–22 ақпан аралығында өтті. Олимпиаданың мәнерлеп сырғанау жарыстарында қаншама жыл бойы айтылып келе жатқан “олимпиада фаворитінің қарғысы” бұл жолы да байқалғандай.

Бұл жолы көпшіліктің таңдауы АҚШ құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Илья Малинин болды. Ол қысқа бағдарламада 108.16 ұпай жинап, бірінші орынға шықты. Алайда “олимпиада фавориті” атағы спортшыға тек қолдау ғана емес, үлкен психологиялық қысым да жүктейді. Соның әсерінен Илья Малинин еркін бағдарламада екі рет құлап, 156.33 ұпай жинады. Нәтижесінде жалпы есепте 264.49 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.

Дәл осындай жағдайлар бұрын да кездескен. 2022 жылы Бейжің Олимпиадасында Камила Валиева қысым мен дауға байланысты сәтсіз өнер көрсетті. 2018 жылы Пхёнчханда Евгения Медведева алтыннан қағылып, күміс жүлдегер атанды. Ал 2014 жылы Сочиде Ким Ё На мен Патрик Чан фаворит саналғанымен, алтын медаль иелене алмады.

Аталған спортшылардың әрқайсысы алтын медальға басты үміткер болғанымен, сыртқы факторлар мен қоғамдық қысым олардың нәтижесіне әсер еткенін байқауға болады.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы Нүсупқан Тоғжан

Ұқсас мақалалар

Күрес федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Дуглас Жуниор: «Қазақ футзалы маған бәрін берді»

Redaktor Yersport

Хавьер Маскерано «Интер Майами» командасының бас бапкері болды