YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСаудия Про ЛигасыФутбол

Морган Роналдудың бойкоты туралы: «Криштиану Сауд Арабиясы футболында төңкеріс жасады. Ол тек бәріне бірдей жағдай болғанын қалайды»

Пирс Морган мен Криштиану Роналду

Британдық тележүргізуші Пирс Морган Криштиану Роналдудың «Әл-Наср» матчтарын не үшін бойкоттап жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Морган X әлеуметтік желісіндегі бір қолданушының Роналдуды «нытик» және «еркелетілген» деп атаған жазбасына жауап қатты.

«Бұл – сандырақ. Криштиану Сауд Арабиясы футболында ешкім жасай алмаған төңкеріс жасады. Ол бар болғаны бәріне бірдей, әділ жағдай болғанын қалайды», – деп жазды Морган әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, Португалия құрамасының шабуылшысы Сауд Арабиясы чемпионатындағы екі матчты өткізіп алды: «Әл-Риядқа» қарсы (1:0) және «Әл-Иттихадқа» қарсы (2:0).

Бұған дейін Роналдудың Сауд Арабиясының Суверенді қоры (PIF) клубты бәсекелестермен салыстырғанда қалай басқарып отырғанына көңілі толмайтыны белгілі болған. Оның пікірінше, бұл «Әл-Насрға» чемпиондық үшін күресте кедергі келтіруде. Сондай-ақ Криштиану Карим Бенземаның «Әл-Хилальға» ауысуына қарсы шыққан, себебі ол мұны «бәсекелестікке нұқсан келтіреді» деп есептеген.

Сонымен қатар, Роналдудың «Әл-Наср» жалақы бойынша қарызын өтеген жағдайда, «Әл-Иттихадқа» қарсы матчта ойнауға дайын болғаны да хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Какау Қазақстан құрамасындағы жаңа бразилиялық туралы пікір білдірді

«Барселона» Чемпиондар лигасындағы матчта Левандовскидің автоголымен қиындыққа тап болды

Аморим «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік нарықтағы тактикасы туралы айтты