YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыТрансферФутбол

ҚПЛ-дың топ-клубының көшбасшысы жанкүйерлерімен қоштасты

Ахмет Эль-Мессауди

«Тобылдың» бұрынғы футболшысы, марокколық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди клуб жанкүйерлерімен қоштасты, деп хабарлайды Yersport.kz.

«Құрметті қостанайлықтар!
Мен „Тобыл“ сапында екі ұмытылмас маусым өткіздім. Осы уақыт ішінде біз үлкен жетістіктерді де, өкінішті жеңілістерді де бастан өткердік. Барлық осы кезеңде мені және отбасымды қолдаған барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ командадағы серіктестеріме ерекше рақмет.
Естеліктерге толы екі жыл үшін рахмет, Қостанай! Мен мансабымды басқа өңірде жалғастырамын. Бұл менің өмірімдегі маңызды кезең болмақ. Алдағы маусымда „Тобылға“ тек сәттілік тілеймін»
, — деп жазды футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Өткен КПЛ маусымында Эль-Мессауди қостанайлық клубтың негізгі көшбасшыларының бірі болды. Ол «Тобыл» сапында 28 матч өткізіп, 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді — бұл командадағы Ислам Чесноковтан кейінгі екінші көрсеткіш. Марокколық футболшы қостанайлық клубтан 23 қаңтарда кетті.

Ұқсас мақалалар

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Арсеналдың» бір мәселесін ашып көрсетті

Боранбаев: Конференция лигасына шығу жетістік емес.

Redaktor Yersport

Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамсқа травматикалық қарудан алты рет оқ атылған