YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
БундеслигаЖаңалықтарФутбол

Бундеслигадағы «Гамбург» — «Байер» матчы ауа райына байланысты кейінге шегерілді

Бундеслига

Германия чемпионатының 17-туры аясындағы «Гамбург» пен «Байер» арасындағы матч кейінге шегерілді және бүгін өтпейді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Кездесу 13 қаңтар күні Гамбург қаласындағы «Фолькспаркштадионда» өтуі тиіс болған.

Бундеслиганың баспасөз қызметі матчтың ауа райының қолайсыздығына және соған байланысты аренаның шатырына төнетін қауіпке байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Ойынның жаңа күні жақын арада белгілі болады.

Бұған дейін қалың қардың салдарынан 16-турдағы «Санкт-Паули» — «РБ Лейпциг» және «Вердер» — «Хоффенхайм» матчтары да кейінге шегерілген еді.

Ұқсас мақалалар

UFC тағы бір қазақстандық спортшымен толықты

2030 жылғы қысқы Олимпиада өтетін жер анықталды

admin_yersport

Кварацхелия 2025 жылы Чемпиондар лигасын ұтса да, Грузияның үздік спортшысы атанған жоқ