YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЭль-Классико

«Реалдың» трофейсіз сериясына бір жылдан асты

Реал Мадрид

«Реал Мадрид» бір жылдан астам уақыт бойы бірде-бір трофей жеңіп алған жоқ, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Соңғы 13 айда мадридтік клубтың қоржынына жаңа жүлде түскен жоқ. Бүгін «Реал» Испания Суперкубогының финалында «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңілді.

«Реалдың» соңғы трофейі 2024 жылдың желтоқсанында тіркелді. Ол кезде «корольдік клуб» ФИФА Құрлықаралық кубогының финалында мексикалық «Пачуканы» 3:0 есебімен ұтқан болатын.

2025 жылы «ақтар» Испания Суперкубогы мен Испания Кубогының финалдарында «Барселонаға» жол берді, ал Ла Лига маусымын екінші орынмен аяқтады.

Чемпиондар лигасында «Реал» 1/4 финалға дейін жетіп, онда «Арсеналға» есе жіберді. Ал клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтіктер жартылай финалда «ПСЖ-дан» жеңіліп қалды.

Ұқсас мақалалар

Александер Исак – АПЛ маусымындағы басты трансферлік сәтсіздік. (Goal)

«2026 жылы әлі бірде-бір жеңіс жоқ». «Барыстың» ойынына ҚХЛ баға берді

Никола Йокич НБА тарихында үш матч сериясында 110+ ұпай, 40+ рет доп қағып алу және 40+ нәтижелі пас жасаған алғашқы ойыншы атанды