YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЭль-Классико

«Барселона» тарихындағы 103-ші трофейін жеңіп алды, «Реалдың» еншісінде – 105 титул

Эль-Классико

«Барселона» жеңіп алған жүлделер саны бойынша «Реалға» бір қадам жақындай түсті, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Жексенбі күні Испания Суперкубогының финалында «блауграна» «Мадридті» 3:2 есебімен ұтып, клуб тарихындағы 103-ші трофейіне қол жеткізді. Оның 81-і – ішкі ареналарда, ал халықаралық турнирлерде 22 рет жеңіске жеткен.

Ал «Реалдың» қоржынында барлығы 105 титул бар: оның 71-і – ел ішіндегі, 34-і – халықаралық жарыстардағы жүлделер.

Сонымен қатар XXI ғасырда жеңіп алынған трофейлер саны бойынша «Барселона» «Мадридтен» алда келеді – 41 жүлде қарсы 40.

Ұқсас мақалалар

2026 жылғы Әлем чемпионаты: жеребе тарту рәсімі «Qazaqstan» телеарнасында

«Үлкен мақсаттарым бар». Елена Рыбакина 2026 жылғы алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді

Redaktor Yersport

Гейджи Топуриямен жекпе-жек туралы мойындады: «Одан қатты қорқар едім»

Redaktor Yersport