YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарТрансферФутбол

Семеньо «Манчестер Ситиге» ауысты

Антуан Семеньо

«Манчестер Сити» «Борнмуттың» вингері Антуан Семеньоны өз сапына қосты. Бұл туралы манчестерлік клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

26 жастағы ганалық футболшымен келісімшарт 2031 жылдың жазына дейін, яғни бес жарым жылға жасалды. Семеньо жаңа командасында 42-нөмірмен өнер көрсетеді.

БАҚ мәліметінше, трансфер құны 62,5 + 1,5 млн фунт стерлингті құрайды. Бұл — «Борнмут» тарихындағы ең қымбат сатылым. Сонымен қатар, ағылшын клубы ойыншының болашақтағы трансферінен 10 пайыз үлес алады.

Антуан Семеньо биылғы маусымда АПЛ-де 20 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Антуан Семеньо
Антуан Семеньо, mancity.com

Ұқсас мақалалар

Жаңа футбол маусымы қай қалада басталатындығы белгілі болды

Redaktor Yersport

Рубен Невеш АПЛ-ге оралуға жақын

Redaktor Yersport

«Реал» Родридің келісімшарт жағдайын бақылап отыр және оны өз қатарына қосуды ойластыруы мүмкін