YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

«Ливерпуль» басшылығы Арне Слоттан нәтижені жақсартуды талап етті — Indykaila

Арне Слот

«Ливерпуль» клубының басшылығы бас бапкер Арне Слотқа қазіргі жеңіліссіз серия жеткіліксіз екенін жеткізді. Келесі маусымда қызметінде қалу үшін нидерландиялық маман команданың нәтижесін айтарлықтай жақсартуы тиіс. Бұл туралы Indykaila X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Слот клубтың футбол департаментімен трансфер саясаты мен команданың қазіргі көрсеткіштері бойынша тікелей байланыста. Ал келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер уақытша тоқтатылған.

Қазір «Ливерпуль» АПЛ турнирлік кестесінде 20 турдан кейін 34 ұпаймен төртінші орында тұр. Команда көш бастап тұрған «Арсеналдан» 14 ұпайға қалып келеді.

Ұқсас мақалалар

Хавьер Маскерано «Интер Майами» командасының бас бапкері болды

Ферреро Алькараспен жұмысты тоқтатуы туралы: «Қазір жүрегім ауырып тұр, бірақ есікті жаппаймын»

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар Лигасында қарсыласына есе жіберді