YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
баскетболБасты ақпаратЖаңалықтар

Леброн Джеймс нәтижелі пастар бойынша тарихта екінші орынға көтерілді

Леброн Джеймс

«Лейкерс» клубының көшбасшысы Леброн Джеймс НБА-ның тұрақты маусымдары мен плей-офф матчтарындағы нәтижелі пастар саны бойынша тарихта екінші орынға шықты. Ол бұл көрсеткіште Крис Полды басып озды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

«Мемфиске» қарсы өткен ойында (120:114) 41 жастағы баскетболшы 26 ұпай жинап, 10 нәтижелі пас берді. Осылайша, Лебронның мансабындағы жалпы ассист саны 13 793-ке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша көш басында — «Юта» аңызы Джон Стоктон (17 645).

Тек тұрақты маусым матчтарында Леброн Джеймс 11 698 нәтижелі паспен төртінші орында тұр. Ол Джейсон Кидд (12 091), Крис Пол (12 552) және Джон Стоктоннан (15 806) кейін орналасқан.

Ал плей-оффтағы нәтижелі пастар саны бойынша (2 095) Леброн тек Мэджик Джонсонға (2 346) жол береді.

Ұқсас мақалалар

ҚПЛ клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарының уақытын жариялады

ӘБИБА ӘБУЖАҚЫНОВА — GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport

Жаңа футбол маусымы қай қалада басталатындығы белгілі болды

Redaktor Yersport