YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратФутбол

«Челси» «Борнмутпен» тең ойнап, ауттан кейін екі гол жіберіп алды. Палмер пенальтиден көзге түсті

"Челси" ФК

«Челси» Англия Премьер-лигасының 19-туры аясында «Борнмутпен» (2:2) тең түсті.

Ойын Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өтті. Матчтың 6-минутында Дэвид Брукс есеп ашты. 15-минутта Коул Палмер пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді. 23-минутта Энцо Фернандес «Челсиді» алға шығарды. Ал 27-минутта Джастин Клюйверт есепті қайта теңестірді.

Айта кетейік, лондондық клуб жіберген екі гол да допты ауттан ойынға қосқаннан кейін тіркелді.

Ұқсас мақалалар

Семеньо «Манчестер Ситиге» ауысты

Қазақстанның екінші ракеткасы беделді турнирді сенімді жеңіспен бастады

Кейннің 46-голы: маусымдағы феноменал көрсеткіш