YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Жалғас Жұмағұлов Octagon тарихында алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғаған қазақстандық атанды

Octagon MMA 81 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов кезекті тарихи жеңіске қол жеткізді. Ол чехиялық спортшы Давид Дворакпен өткен титулдық жекпе-жекте қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, деп хабарлайды Yersport.kz.

Жекпе-жек барысында Жалғас октагонда толық үстемдік танытып, қарсыласына тактикалық және физикалық тұрғыда басым болды. Үш раунд бойы ауыр соққылар мен жоғары қарқынға төтеп бере алмаған Давид Дворак төртінші раундқа шығудан бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды.

Бұл жеңіс Жалғас Жұмағұлов үшін айрықша маңызға ие. Ол Octagon ұйымының тарихында чемпиондық белбеуін қорғап қалған алғашқы қазақстандық жауынгер атанды. Бұл жетістік отандық ММА үшін де үлкен тарихи сәт болып саналады.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов – UFC-де өнер көрсеткен тәжірибелі файтер, ал Octagon-дағы табысты өнері оның әлі де жоғары деңгейдегі спортшы екенін дәлелдей түсті.

Ұқсас мақалалар

«Челси» чемпиондық сыйақысын Диогу Жотаның отбасына аударды

Redaktor Yersport

Зиркзее 2025 жылы алғаш рет «МЮ»-дың АПЛ-дегі үй матчында гол соқты

Стерлинг Евлоевтен реванш алғысы келеді