«Реалдың» және Германия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос футболдан әлем чемпионатын 48 командаға дейін кеңейту туралы шешімді сынға алды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
— Әлем чемпионатына көптеген елдердің қатысуы жақсы, бірақ мен дәл қазір құрамалар санын көбейтуге қарсымын. Біз ойыншылардың жағдайын және турнир деңгейін ойлауымыз керек. Командалар тым көп болған жағдайда ірі есептермен аяқталатын матчтар көбейеді. Ал мұндай ойындар жанкүйерлерге қызық емес. Бұл іс жүзінде тағы бір іріктеу кезеңіне айналады.
Мен үшін ең маңыздысы — сапалы, тартысты кездесулер. 5:0 немесе 6:0 есебімен аяқталатын ойындарды көру маған ұнамайды. Қазірдің өзінде футболшылар әлем чемпионатына шаршап келеді, ал енді олар турнир барысында одан да көп матч өткізуге мәжбүр болады. Соның салдарынан деңгей төмендейді, — деді Кроос Ромариоға берген сұхбатында.
