YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

«Астана» негізгі қақпашыға қатысты шешім қабылдады

Йосип Чондрич

Хорватиялық қақпашы Йосип Чондрич алдағы уақытта «Астана» футбол клубынан кетеді. Бұл туралы Yersport.kz порталы Aladop.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, 32 жастағы қақпашы елордалық клубта қалуды жоспарлап отырған жоқ. Чондрич «Астана» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Қазақстанға Босния және Герцеговинаның «Зриньски Мостар» клубынан ауысып келген еді.

Осы уақыт аралығында хорватиялық қақпашы «Астана» құрамында 76 матч өткізіп, 81 гол жіберді. Қазақстанда жүрген кезеңінде Йосип Чондрич 2022/23 маусымындағы Қазақстан Кубогын және 2023/24 маусымындағы Лига Кубогын жеңіп алды.

Футболшының мансабында «Загреб», «Тресневка», «Бистра», «Рудеш», «Истра», волгоградтық «Ротор», «Зриньски» және «Астана» клубтары бар.

Портал дерегінше, жыл соңында Чондричтің «Астанамен» келісімшарты аяқталады, ал елордалық клуб ай сайын 12 миллион теңге жалақы алатын қақпашымен ынтымақтастықты ұзартуды жоспарламайды.

Өткен маусымда Чондрич барлық турнирде «Астана» сапында 13 матчқа қатысып, 12 гол өткізіп алды. Төрт кездесуде ол қақпасын голдан аман сақтады. Transfermarkt порталы хорватиялық қақпашының нарықтық құнын 300 мың еуро деп бағалап отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Астана» қақпасында Чондричтің негізгі бәсекелесі — Қазақстан ұлттық құрамасының голкипері Мұхаммеджан Сейсен.

Ұқсас мақалалар

Тер Штеген қыста «Барсадан» кетуді жоспарламайды. Нагельсманнды қақпашының тек Испания Кубогында ойнауы да қанағаттандырады (Marca)

ЖХЛ-дегі «Қар Барыстарының» матчы ірі есеппен аяқталды

ҚПЛ клубы Еуропа чемпионатының жеңімпазын қатарға қосты