YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратФутбол

Неймардың тізе жарақатынан кейінгі отасы сәтті аяқталды

Неймар

Бразилиялық «Сантос» клубының баспасөз қызметі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде команда вингері Неймардың сәтті отадан өткенін хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 33 жастағы футболшыға медиалдық мениск жарақатына байланысты артроскопиялық ота жасалған.

— Медиалдық мениск зақымын емдеуге бағытталған артроскопия сәтті өтті. Ота ойдағыдай аяқталды, спортшының жағдайы жақсы. Неймар бүгін күндіз ауруханадан шығып, оңалту процесін бастайды. Реабилитацияны оның физиотерапевті Рафаэл Мартини үйлестіреді, — делінген клуб таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қараша айында Неймар Сан-Паулу қаласында медициналық тексеруден өтіп, мениск жарақаты анықталған болатын. Соған қарамастан, ол Бразилия чемпионатының 37-туры аясында «Жувентудеге» қарсы матчқа қатысып, хет-трик авторы атанды. Бұл жеңіс (3:0) «Сантостың» элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуына тікелей әсер етті.

Маусым қорытындысы бойынша «Сантос» турнир кестесінде 12-орын алып, 47 ұпай жинады. Неймар чемпионат барысында 28 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Ұқсас мақалалар

Данияр Әділбек: Команданың бұл маусымды әдемі аяқтағысы келетіні анық

«Ньюкасл Юнайтед» – «Челси»: қос команда өте лайықты қарсылық көрсетеді

Альваро Арбелоа — «Реалдың» бас бапкері қызметіне негізгі үміткер

Redaktor Yersport